Алматы "барахолкаларындағы" 1300 мигрант еркектің 3 пайызы жыныстық жолмен ауру жұқтырған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы "барахолкаларындағы" 1300 мигрант еркектің 3 пайызы жыныстық жолмен ауру жұқтырған

Алматы "барахолкаларындағы" 1300 мигрант еркектің 3 пайызы жыныстық жолмен ауру жұқтырған

Алматы базарларындағы 1300 мигрант еркектің (олар сырттан келгендер ғана емес) 0,2%-ы ВИЧ-пен, 3%-ы мерезбен (сифилис) ауырады. Бұл туралы PENTA сарапшысы Клэр Торн Шымкентте өткен "ВИЧ инфекциясын жұқтырған балаларды емдеу жолдары" атты халықаралық семинарда мәлімдеді. 

  • 21 Маусым 2017
  • 14619
Фото - Caravan.kz

Қазақстан мен Орталық Азиядағы жыныстық жолмен таралатын аурулар жайын сөз еткен ол өзінің баяндамасында әртүрлі халықаралық дерек көздеріне сүйене отырып, бұл тұрғыда ерекше назар аударылуы керек салаларға тоқталып өтті, деп хабарлайды Atameken бизнес арнасы. Клэр Торнның айтуынша, аталған аймақта, әсіресе, сексуалдық қызмет көрсететіндер көп түйткіл тудырып отыр.   

"Алматыда мың адамның шамамен екеуі, Шымкентте мың адамның төртеуі коммерциялық секс қызметін көрсететіндер екен. Түрлі болжамдар бойынша, Орталық Азиядан келген осы әйелдердің 15-тен 40 пайызға дейінгілері мерезге шалдыққан" дейді Торн ханым. 

Сондай-ақ, сарапшы келтірген мәлімет бойынша, бұл аймаққа еңбек миграциясы үлкен қауіп төндіріп тұр. "Қазақстан Ресей сияқты еңбек мигранттарын қабылдаушы мемлекетке айналды" деген ол мұндай жағдайдың Орталық Азия мен Шығыс Еуропа елдеріне ғана емес, басқаларға да тән екенін айтты.

"Алматы базарларында, мысалы, "барахолкада" зерттеу жүргізгенде, 1300 мигрант еркектің (олар сырттан келгендер ғана емес) 0,2%-ы ВИЧ-пен, 3%-ы мерезбен ауыратыны анықталды. Олардың 10%-ы соңғы 90 күнде жыныстық қатынаспен айналысқанын мойындады. Зорлық-зомбылық пен құлдыққа тап болған мигрант әйелдерге қатысты да алаңдатарлық деректер бар. Алматы базарларындағы зерттеу барысында Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген әйелдердің, ер адамдарға қарағанда, ВИЧ туралы әлдеқайда аз білетіні мәлім болды. Және нәзік жандар арасындағы мерез жұқтыру көрсеткіші де жоғары — 6,6%-дан асады" деп хабарлады Клэр Торн.  



 

Соңғы жаңалықтар