Жарияланды: 290

Алматы Батырхан Шүкеновты еске алады

Алматы Батырхан Шүкеновті еске алады! Әншінің достары ұйымдастырған үлкен кеш 8-ші желтоқсанда өтпек.

Концерт оркестрдің сүйемелдеуімен, тек жанды дауыста болады. Оған өнер иесінің қазақ сахнасындағы және ресейлік достары қатысып, ең танымал әндерін орындамақ. Еске алу кешіне марқұмның репертуарындағы 30-дан аса ән таңдап алынған. Енді 3 апта уақыт қалғанда дайындық та қыза түскен. Шараға әншінің шығармашылығындағы соңғы әндердің бірі «Так далеко, так близко» деген атау берілген. Ал бұл әнді орындау Шүкеновтің өнердегі әріптесі әрі досы Нұрлан Абдуллинге бұйырыпты. Естеріңізге салсақ, Батырхан Шүкенов 53 жасқа қараған шағында Мәскеуде жүрек талмасынан көз жұмған еді. Содан бері марқұмды еске алу шаралары жер-жерде өткізіліп келеді. Ал 8-ші желтоқсандағы концерт Алматыдағы Республика сарайында өтеді.

Нұрлан Абдуллин, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

- Концертке дайындық әрине, қызу үстінде. Әншілер көп. Тіпті, әншілердің мен айтайын деген азаматтардың көптігі соншама, мынау бағдарламаны қысқартып та жатқан жағдайлар болып жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін