Өрт сынақ зертханасы мамандарының зерттеуi Құлагер базарында бiрнеше өрт ошағы болғанын анықтады. Тiкелей ошақ аймақтарында күлдi қалдықтарды жедел талдау әдiсi жеңiл тұтанатын және жанғыш сұйықтық iздерi барын көрсеттi. Зерттеулер кезiнде белгілі болғаны электр желiлерi, электр құралдары мен өрттiң шығу себептерi арасында байланыс жоқ. Анықталған фактiлер өрт қою арқылы бөтен адамның мүлкiн қасақана жоюдың немесе бүлдiрудiң белгiлерiн көрсетедi", — дедi Д.Данаев.
Оның айтуынша, бұл алдын ала ақпарат. Өрттің электр желiлерiнiң тұйықталуынан болуы ықтимал деген жорамал да әлi тексерiлуде.
Айта кетейiк, 17 қараша күнi Алматыдағы Құлагер, Арал және Еуразия базарлары өртке оранып, жеке кәсiпкерлердiң мүлiктерiне едәуiр шығын келтiрiлген болатын. 20 қараша күнi "Өрт қою арқылы бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру" фактiсi бойынша қылмыстық iс қозғалды.