Алматы билігі: жоспардағы мерзімнен кешіккендер лецензиясынан айырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы билігі: жоспардағы мерзімнен кешіккендер лецензиясынан айырылады

Алматы билігі: жоспардағы мерзімнен кешіккендер лецензиясынан айырылады

Жоспардағы мерзімнен кешіккендер лицензиядан айырылады. Бүгін Алматы атқамінерлері жылу құбырларын ауыстырумен айналысып жатқан компанияларға осындай ескерту жасады. Тексеру барысында бірқатар құрылыс талаптарының ескерілмей қалғаны да анықталды. Енді жауапсыз мердігерлерге қомақты айыппұл салынып, олардың осындай жұмыстарды атқару туралы рұқсат қағаздары кері қайтарылмақ. Қаладағы осындай 360 нысан күз басталысымен тапсырылады делінгенімен, қазір оның тек 113-інде ғана тиісті жұмыстар аяқталыпты.

  • 3 Қыркүйек 2015
  • 384
Фото - Caravan.kz

— В чем проблема?

— Копают дорогу.

— Так?!

— Не могу вести работу из-за того что прокладывают коммуникации.

Бірінің жұмысты кешіктіргені үшін екіншісіне сөгіс жариялаған қала әкімінің орынбасары бүгін мердігер компания өкілдерімен өзгеше тілдесті. Қателерін бетіне басып, белгіленген мерзімнің өтіп кеткені айтылды. Тіпті қазу жұмыстарын жүргізу барысында қауіпсіздік ережелері ескерілмей, қоршау да қойылмапты.

— Края асфальта не обрезаны. Идет обвал откосов и ограждение не соответствует стандарту.

Қала бойынша жылу құбырларын жаңарту жұмыстары 360 нысанда жүргізілген. Қазір оның тек 113-і ғана тапсырылыпты. Ал өзгелері жоспарланған уақытқа үлгермей жатыр. Бұған тек мердігерлер ғана емес, тендерді кеш жариялаған басқармалар мен жобаны дайындаған мамандар да кінәлі көрінеді. 

Сәрсен Аманжолов, «Мекен» ЖШС директоры:

 – Көп нәрсені техникамен жөнді істей алмадық. Көбінесе қолмен қазуға тура келді. Оның үстіне проект жасаған уақытта қала геодесистері топосъемканы қате жасап, қосылатын жеріміз 80 смге биік боп кетті. Жұмысты екі жасауға тура келді.

Бірақ ешкімге де жеңілдік жасамаймыз деген әкімдік өкілдері жазалауды кейінге қалдырмапты. Нысандардың 100 пайызы жылу маусымына дейін тапсырылуы қажет екенін кесіп айтты.


Болат Сауранбаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары:

 – Штраф қоямыз және лицензиясын жойғызамыз. Шираф міндетті түрде болады, ол жайында әңгіме жоқ. Алматыда бұндай компаниялар істемеуі керек.

Айта кетерлігі жыл басынан бері Алматыда құбырларды ауыстырумен айналысқан 55 компания жазаланып, 269 млн теңге өндіріп алынған. Ал тиісті деңгейде техникалық қадағалау жүргізбеген 9 мекеменің аттестаттары қайтарылыпты.

Соңғы жаңалықтар