Жарияланды: 440

Алматы - Бішкек тас жолында автобус өртенді, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Алматы. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы - Бішкек тас жолының 83-ші шақырымында автобус өртенді, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы облыстық ІІД жол полициясы басқармасына сілтеме жасап.

Басқарманың кезекші бөлімінің хабарлауынша, бүгін таңертеңгі сағат 7-де -Алматы - Бішкек тас жолының 83-ші шақырымында тоқ сымының тұтануы салдарынан ішінде 55 адаммен келе жатқан автобус өртенді, барлық жолаушылар дер кезінде автобустан шығарылды, ешкім зардап шеккен жоқ. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін