Жарияланды: 480

Алматы бюджеті үкіметтің қолдауы есебінен осы жазда 20% астам өсті - Есімов

Алматы. 10 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматы бюджеті үкіметтің қолдауы есебінен осы жазда 20% астам өсті. Бұл туралы бүгін Алматыда "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі - 2008" тақырыбындағы форумда Алматы әкімі Ахметжан Есімов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Тұрғын үйлер, жолайрықтары мен метроның құрылысы тоқтап қалмай жалғаса беруі үшін мемлекет үлкен қадамдарға барып, бюджеттен қомақты қаржы бөлуде. Біздің қаланың бюджеті үкіметтің қолдауы есебінен осы жазда 20% астам өсті. Бұл ақша бірінші кезекте өндіріске жұмсалып жатқандықтан, ауқымды көмек болмақ ", - деді Ахметжан Есімов. "Жалпыреспубликалық еңбек бөлінісі бойынша қала еліміздің жалпы аймақтың өнімінің 22%-ын қамтамасыз етеді. Алматының әрбір тұрғынының үлесіне жалпы өнімнің 15 мың долларынан тиеді, бұл республикалық орташадан 2,7 есе артық. Барлық салық түсімдерінің 30% дейінгі көлемі Алматыда жиналады. Барлық банк операцияларының 70% Алматыда жүзеге асырылады", -деді А. Есімов. Сонымен бірге, әкімнің айтуынша, Алматыда барлық көтерме сауданың 50% жуығы жүргізіледі, сыртқы сауда айналымының бестен бір бөлігі, барлық инвестициялардың 15% мен Қазақстанда салынып жатқан барлық баспананың 11% Алматының үлесіне тиесілі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін