Жарияланды: 490

Алматы экологтары Горький атындағы саябақты муниципалдық меншікке қайтаруды талап етуде

Алматы. 9 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматы экологтары Горький атындағы саябақты муниципалдық меншікке қайтаруды талап етуде. Бұл туралы "Табиғат" экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов мәлімдеді.

"Сенбі күні Горький атындағы саябаққа кіре берісте біз тұрғындардың жиынын өткіземіз. Сосын саябаққа барамыз. Аумақтарды қалай сатып, ағаштарды қалай кесіп жатқанын ашып айтып, көзге шұқып көрсетіп бергіміз келеді. Ол жерде жуырда тағы бір үлкен аумақ сатылды", - деді М. Елеусізов. Оның айтуынша, жиын қорытындысы бойынша саябақты муниципалдық меншікке қайтару қажеттігі жөнінде резолюция қабылданып, ол Алматы әкімдігі мен мәслихатына жолданады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть