«Үкімет қолдауының арқасында келесі жылы көктемде аймақты игерудің бастапқы сатысын бастаймыз. Фармацевтика, машина жасау, тамақ өнеркәсібі, құрылыс, жиһаз жасау, жеңіл және химия өнеркәсібі сынды жеті негізгі сектор айқындалды. Индустриалды аймақта жүзден астам кәсіпорын орналастырылып, 20 мыңға жуық жұмыс орны ашылады деген жоспар бар», — деді әкім Алматы халықаралық инвестициялық форумында.
Оның айтуынша, қазір инженерлік инфрақұрылымдарды орнату жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, индустриалды аймақтан өндіріс ошағын ашқысы келетін инвесторлар тізімі жасалуда.
«Бүгінгі күні Алматыда жалпы құны 153 млн доллар болатын 13 инвестициялық жоба іріктеп алынды. Олар 2014 жылдың І тоқсанында жүзеге асырыла бастамақ», — деп қосты А.Есімов.