Алматы ипподромы мемлекеттік меншікке қайтарылуда
![]() |
Алматыда қалалық ипподромды сатып алу және оны қалпына келтіру жөніндегі мәміле аяқталуға жақын, |
деп хабарлады «Алматы әлеуметтік –кәсіпкерлік корпорациясы ҰҚ» АҚ басқармасының төрағасы Қайрат Күлбаев.
"Қазіргі уақытта алматылық ипподромды мемлекеттік меншікке аудару процедурасы аяқталып келеді. Ипподромның меншіктенушісі "Тенгри Инвест" ЖШС –нен 100 пайыз үлесті сатып алу жөніндегі мәміле аяқталып қалды», деді ол Алматыда сәрсенбіде баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, ипподромды сатып алу туралы шешімді қалалық мәслихат 23-шілде күні қабылдапты.
"Ипподромды сатып алу шарасы "Алматы" ӘКК жарғылық капиталын арттыру арқылы жүргізілуде. Мәміле сомасы 4,2 млрд теңгеден асады», деді ол.
Қ.Күлбаевтың айтуынша, қала басшылығы бұл қадамға ипподромды сақтап , оның жұмысын оңтайландырып, жаңа сапалы деңгейге шығару мақсатында барып отыр. Ипподромдағы тотализатор оның операциялық шығындарын жабатындай ақшаның ағылуын қамтамасыз ете алады, оның үстіне қазынаға салық та аударылатын болады.
Инвестор тартпақ ойымыз бар, ипподромды қайта құрып, дамыту керек, қайтарым кезең алты жылды құрамақ, деді ол.
Алдында хабарланғандай, биыл мамыр айында құрамына Қазақстанның танымал қоғамдық қайраткерлері енген бастамашыл топ биліктен жабылу қаупі төнген Алматы ипподромын мемлекет меншігіне қайтаруды өтінген болатын.
Алматылық ипподром 1930 жылы наурыз айында ашылған, ол асыл тұқымды жылқыларды өсіру және әскери бөлімшелерге ат дайындау мақсатында құрылған болатын. Ұлы Отан соғысы жылдары да ипподром жұмысын тоқтатқан жоқ және атты әскер отрядтары үшін ат дайындап беріп отырған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін