Алматы хайуанаттар бағы жаңа жануарлармен толықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы хайуанаттар бағы жаңа жануарлармен толықты

Алматы хайуанаттар бағы жаңа жануарлармен толықты

Бұл жолы Ресейден көкшіл түсті тауешкілер мен кеміргіштердің ерекше түрлері әкелінген.

  • 25 Маусым 2015
  • 267
Фото - Caravan.kz

Хайуанаттар бағының жаңа мекендеушілері көрермендердің көзайымына айналып үлгеріпті. Тауешкінің бұл түрі негізінен Гималай мен Тибет тауларын мекендейді екен. Алопоссум мен дегу деп аталатын кеміргіштер Анд тауларында көптеп кездеседі. Олар елімізге көршілес Ресеймен жануар айырбастау жүйесі арқылы келген. Естеріңізге салсақ, былтыр да Мәскеу циркінен тапир мен пума әкелінген болатын. Қазір хайуанаттар бағының қызметкерлері осында жаңадан келген аңдарға қолдан келген жағдайдың бәрін жасауда.