Алматы хайуанаттар бағындағы аңдардың жайына адамдар алаңдаулы - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы хайуанаттар бағындағы аңдардың жайына адамдар алаңдаулы

Алматы хайуанаттар бағындағы аңдардың жайына адамдар алаңдаулы

 

  • 28 Шiлде 2016
  • 387
Фото - Caravan.kz

Белгілі тележүргізуші Мәдина Балғабаева әлеуметтік желіде Алматы зообағын мекендейтін ақ аюдың суретін жариялады. Сөйтіп, өзінің ондағы аңдарға аянышпен қарайтынын жазған.

«Алматы қаласының зообағына бармағалы үш жылдың жүзі болыпты. Тағы үш жыл бармасам да, еш ренжімес едім… Аяныш пен өкініштен басқа ешқандай әсер алмадым…. Солтүстік аймақтарда, тіпті Арктикада мекендейтін ақ аю қандай ой-мақсатпен әкелінген? Кешегі отыз сегіз градус ыстықта, қайнап тұрған асфальтта қиналып жатқан жануарды көрген жан қуанышты әсерге бөленеді деп ойламаймын. Келушілердің (??? – ред.) жеп отырған арсыз маймылдар ғана риза, қалған жануарлардың жағдайы мүлдем мәз емес…» депті М.Балғабаева.

Ал бұған пікір жазушылар оның дұрыс мәселе көтеріп отырғанын, жалпы, Алматы зообағының аң түрмесіне айналып кеткенін айтқан. 


Соңғы жаңалықтар