Алматы халықаралық әуежайында 940 мың АҚШ долларын заңсыз алып өтпек болған екі Қазақстан азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы халықаралық әуежайында 940 мың АҚШ долларын заңсыз алып өтпек болған екі Қазақстан азаматы ұсталды

Алматы халықаралық әуежайында 940 мың АҚШ долларын заңсыз алып өтпек болған екі Қазақстан азаматы ұсталды

Алматы. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы халықаралық әуежайында оперативтік-іздестіру шаралары кезінде 940 мың АҚШ долларын заңсыз алып өтуге әрекет жасаған екі Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды агенттік ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 24 Қазан 2007
  • 369
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанның үш азаматын ҚР ҰҚК мен ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің қызметкерлері Алматы мен Стамбул арасында қатынайтын № 911 әуе рейсінен алып қалған.

«ҚР ҰҚКнің Алматы қалалық департаменті бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 209 бабы, 3-тармағының 6 тармақшасында қарастырылған (ұйымдасқан топтың жасаған экономикалық контрабандалық әрекеті) қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады», — деп хабарлайды мекеме.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті