Алматы халықаралық әуежайында Тәжікстан азаматы суық қарумен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы халықаралық әуежайында Тәжікстан азаматы суық қарумен ұсталды

Алматы халықаралық әуежайында Тәжікстан азаматы суық қарумен ұсталды

Алматыда шекара арқылы суық қару алып өтпек болған Тәжікстан азаматы қолға түсті. Бұл туралы қалалық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен мәлімдеді.

  • 2 Сәуiр 2014
  • 283
Фото - Caravan.kz

Алматы халықаралық әуежайында «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері «Душанбе -Алматы» әуе рейсіне кедендік бақылау жүргізу барысында Тәжікстан Республикасының азаматының жүгінен суық қару тапқан.

Ұсталған күдіктінің жүгіне тексеру амалдарын жүргізу барысында кеден органында декларацияланбаған көлемі әр түрлі 3 дана суық қаруы тәркіленген.

Бүгінгі уақытта Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті тәркіленген дәйекте ҚР ҚК 251-бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық істің белгілері бар болуына сәйкес тергеу жұмыстарын жүргізуде.