Алматы халықаралық әуежайының басшысы ауысты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы халықаралық әуежайының басшысы ауысты

Алматы халықаралық әуежайының басшысы ауысты

"Эйр Астанадан" бөлек әуежайды өз базасы ретінде Fly Arystan, Scat Airlines және Qazaq Air әуекомпаниясы пайдаланады.

  • 16 Қыркүйек 2021
  • 12
Фото - Caravan.kz

Алматы халықаралық әуежайының президенті ауысты. Енді әуежайды Алп Ер Тунга Ерсой басқарады, деп хабарлады Қазақстан қор биржасының (KASE) баспасөз қызметі.

"Директорлар кеңесінің 2021 жылдың 14 қыркүйектегі шешіміне сәйкес, Эркал Кадри Мете қызметінен алынып, Алп Ер Тунга Ерсой тағайындалды. Алп Ер Тунга Ерсой Алматы халықаралық әуежайының директорлар кеңесінің құрамына 2 қыркүйекте енді", — делінген хабарламада.

"Алматы халықаралық әуежайы" АҚ акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде бар.

Бұған дейін TAV Airports компаниясы (Groupe ADP құрамына кіреді) және Kazakhstan Infrastructure Fund қоры сатып алуды аяқтап, Алматы әуежайының операциялық қызметін басқаруды өз мойнына алғаны хабарланды.

Алматы әуежайы 1935 жылы ашылған. Әуежайда екі ұшу-қону жолағы бар.

"Эйр Астана" ұлттық авиатасымалдаушысының базасы саналатын Алматы әуежайы 2019 жылы 6,4 миллион жолаушыға қызмет көрсетті, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 13%-ке артық.


COVID-19 шектеулеріне байланысты әуежайда жолаушылар ағыны 3,6 миллион адамға дейін төмендеді, алайда олар 2020 жылы шығынға батпағанын мәлімдеді.

"Эйр Астанадан" бөлек әуежайды өз базасы ретінде Fly Arystan, Scat Airlines және Qazaq Air әуекомпаниясы пайдаланады.

Пандемияға дейін Алматы әуежайы түрлі бағытта көптеген рейсті жүзеге асыратын 35 жолаушылар және тоғыз жүк авиакомпаниялары үшін ірі өңірлік көлік торабы болды.

"Эйр Астана" әуежайдың жолаушылар ағынының жартысына жуығын, ал түрік әуекомпаниялары жүк тасымалын қамтамасыз етті.

Соңғы жаңалықтар