Алматы көшелеріндегі автотұрақтар көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы көшелеріндегі автотұрақтар көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді

Алматы көшелеріндегі автотұрақтар көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді

Алматы. 13-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы көшелеріндегі автотұрақтар көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі апталыққа сілтеме жасай отырып.

  • 13 Ақпан 2008
  • 669
Фото - Caravan.kz

Апталық тілшісіне Алматы қаласының ІІД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары полковник Александр Кванның айтуынша, қалада көліктерді айдап әкетуге қатысты ең қауіпті аудан Әуезов, Алмалы және Бостандық аудандары болып табылады.

«Бұл аудандарда адамдар да көп тұрады, олардың көбінің көліктері де бар. Сөйте тұра онда қоршалған, күзетілетін тұрақтар жоқтың қасы — көбіне екінші деңгейлі көшелердің бойындағы қауіпті тұрақтар. Ол жерлерде күзетшілері бар дүңгіршектер тұруы мүмкін, бірақ олардың міндеттері бір түнгі тұрақ үшін — 150 теңге, тәулік бойы — 200 теңгеден жинаумен шектеледі»,- деді А. Кван. Оның айтуынша, «көлік иесі тұрақ ақысын төлегеннен кейін көлігі қырағы күзетте деген сеніммен бойды босқа салады. Бірақ, тәжірибе көрсетіп отырғандай, күзетшілер тұрақ ақысын жинап алғаннан кейін, көбінесе үйлеріне ұйықтауға кетеді , немесе жұмыс орнында ұйқыға шомады».

Өткен жылы Алматыда 341 көлікті айдап әкеткен, олардың 126 табылған. Көптеген көліктерді не осындай тұрақтардан, немесе аула ішінен айдап әкетеді. Бүкіл қалалық тұрақтарды қала көшелерінде тұрақ қызметін көрсету жөніндегі «Техникалық орталық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын реттейді. Бұрын хабарлағанымыздай, қала көшелерінде тұрақ қызметін көрсету жөніндегі «Техникалық орталық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның іс-қызметі заңсыз. Бұл туралы агенттік тілшісіне берген сұхбатында Ұлттық тұтынушылар лигасы басқармасының бастығы Светлана Савченко мәлім етті.

Оның айтуынша, «іс жүзінде жоқ қызмет түрі үшін ақы төленуде, ауаны сатып отыр». «Адамдардың сенгіштігін пайдаланып ақша алады»,- деп түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, «егер талон немесе растайтын құжат болмаса, онда бұл ақша босқа кетіп жатыр». Сонымен қатар, оның пайымдауынша, көлік иелері «Техникалық орталыққа»көрсетілген қызмет көлемі мен сапасына қатысты қандайда бір наразылық та білдіре алмайды. Егер көлігіңіз бүлінсе дәлелдей алмайсыз, ал егер көлікті айдап әкетсе, бұл үшін ешкім жауапкершілікті мойнына алмайды, себебі бұл көліктің сақталуы туралы ешқандай келісім-шарт жасалмаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті