Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ жолаушылары мен экипаж мүшелеріне ескерткіш орнатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ жолаушылары мен экипаж мүшелеріне ескерткіш орнатылды

Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ жолаушылары мен экипаж мүшелеріне ескерткіш орнатылды

 Алматы маңында SCAT әуе компаниясы ұшағы апатқа ұшыраған жерде ескерткіш тақта орнатылды.

  • 21 Қаңтар 2014
  • 264
Фото - Caravan.kz

Көкшетау-Алматы рейсін орындау барысында апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен жолаушылардың аты-жөні жазылған тақта дүйсенбі күні орнатылды, деп хабарлайды компанияның PR бөлімінен.

Ескерткіш қаңтар айының соңында ресми түрде ашылады.

Қайғылы оқиға 2013 жылы 29-қаңтарда орын алған болатын. Ауа-райының қолайсыздығынан жерге құлаған ұшақ бортындағы 16 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі түгел қаза тапты.