«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 199 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы — 9,0. MPV магнитудасы — 4,1. Тереңдігі — 0 шақырым», — делінген «Алматы» ӘҚО кезекші операторының хабарламасында.
Бұдан екі минут бұрын, яғни сағат 11:05-те Алматы қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 242 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелген. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 8.5. MPV магнитудасы — 4.1. Тереңдігі — 5 шақырым.