Алматы маңындағы Қарасай ауданында "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының үнқағаздарын таратушы тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы маңындағы Қарасай ауданында "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының үнқағаздарын таратушы тұтқындалды

Алматы маңындағы Қарасай ауданында "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының үнқағаздарын таратушы тұтқындалды

Алматы облысы Қарасай ауданының Алматы түбіндегі Каменка ауылында орналасқан "Алтын орда" базарында полиция қызметкерлері "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының үнқағаздарын таратушыны тұтқындады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық ІІБ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Маусым 2003
  • 435
Фото - Caravan.kz

Тұтқынның қолынан аталмыш террорлық ұйымның үндеуі басылған қазақ тіліндегі 250, орыс тіліндегі 1 үнқағазы табылған. Қазір бұл адам уақытша тергеу қапасына жіберілді. Халық арасына діни негізде іріткі салуға шақыратын террорлық сипаттағы материалдар таратқаны үшін әлгі адамның үстінен қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралуда.