Алматы маңындағы Жетіген ауылына жақын жерде МиГ 29 әскери ұшағы құлап, бір пилот қаза болды(2 ші абзац қосылған) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы маңындағы Жетіген ауылына жақын жерде МиГ 29 әскери ұшағы құлап, бір пилот қаза болды(2 ші абзац қосылған)

Алматы маңындағы Жетіген ауылына жақын жерде МиГ 29 әскери ұшағы құлап, бір пилот қаза болды(2 ші абзац қосылған)

Алматы. 12 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы маңындағы Жетіген ауылына жақын жерде МиГ 29 әскери ұшағы құлап, бір пилот қаза болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР қорғаныс министрлігіндегі ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып.

  • 12 Ақпан 2008
  • 572
Фото - Caravan.kz

Ақпарат көздері хабарлағанындай, ұшақ қону барысында құлаған. Ұшқыштардың біреуі эскадрилья штабының бастығы, майор Александр Ковязин қаза тауып, екінші ұшқыш, подполковник Виталий Дильмухамедов ұшақтан шығып үлгерді. Ол аураханаға жеткізілді, әл үстінде жатыр.

МиГ-29 ұшағы ҚР Қорғаныс әуе күштерінің алтыжүзінші гвардиялық әуе базасына қарасты. Оның экипажы жоспарлы ұшу жаттығуларын орындаған.

Ақпарат көздері хабарлағанындай, апат болған жерде арнайы құрылған комиссия жұмыс істеуде, ұшақ бортындағы жазбалар сақталатын қара «жәшік» табылды. Бүгін оқу-жаттығулар тоқтатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті