Алматы мектеп- интернатының тәрбиеленушісін соққыға жыққан тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы мектеп- интернатының тәрбиеленушісін соққыға жыққан тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы мектеп- интернатының тәрбиеленушісін соққыға жыққан тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Бостандық ауданының прокуроры №8 мектеп -интернатының тәрбиеленушісін соққыға жыққаны тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 21 Қараша 2007
  • 810
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қыркүйектің аяғында интернат бөлмелерін тексерген «директордың орынбасары мен бас тәрбиеші қыздардың бөлмелерінің жиналмағанын және темекі иісінің шығып тұрғанын байқап», топтың тәрбиешісін шақыртқан».

«Бөлмеде уақытша ауруханадан шыққан, аяғы гипске таңылған 18 жасар тәрбиеленуші қыз жатқан. Бар қаһарын қызға бағыттаған тәрбиеші оны боқтық сөзбен балағаттап, оны жасөспірімдер үйіне кетуін талап еткен. Кейін ол қыздың белі мен арқасын белдікпен ұрып, басын балғамен соққан» деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Прокурораның жасатқан зерттеу — сараптамасы бойынша соққыға жығылған қыздың «сол жақ белі, сол жақ жауырыны және басы қанталаған».

Сөйтіп, кәмілеттік жасқа толмағандарға қиянат жасағандарға қатысты жауапкершілік қарастырылған ҚР Қылмыстық кодекстің 137 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бүгінде алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізу үшін іс Бостандық АІІД тапсырылды, деп хабарлайды қалалық прокуратурасы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті