Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Бас директоры Михаил Гамбургер мәлімдеді.
Оның айтуынша бұл шара «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-нің 2015 жылғы 30 қаңтардағы және «Екібастұз 2-МАЭС станциясы» АҚ-ның 2015 жылғы 26 ақпандағы электр энергиясына босату бағасының өзгеруі туралы хабарламаларына байланысты жасалып отыр.
«Әрине, электр энергиясының босату бағасының өзгеруі, сондай-ақ көтерме сауда нарығындағы, аймақтық және аймақаралық деңгейдегі желілер бойынша тарату бағалары — біздің қоятын тарифтің негізгі құрамдас бөлігі. Сәйкесінше, электр қуатын өндіру стансаларында босату бағаларының өзгеруі тарифтің де өзгеруіне әкеп соғады», — деді М. Гамбургер.
Сонымен, электр энергиясын көлеміне қарай пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар үшін сараланған (12%-ҚҚС есептегенде) бірінші деңгейлі тариф — 1 кВт.сағат — 15,40 теңге (бұған дейін 15,43 тг/кВт.с болып келген), екінші деңгейлі тариф — 1 кВт.сағат — 20,87 теңге (бұған дейін 20,90 теңге ) және үшінші деңгейлі тариф — 1 кВт.сағат — 26,10 теңге (бұған дейін 26,13 теңге) болды.
Ал тәулік мезгілі бойынша сараланған тариф (12%-ҚҚС есептегенде), екі зоналы есептеу жүйесі бойынша: күндізгі тариф (7-00 — 23-00) — 1 кВт.сағат — 22,30 теңге (бұған дейін 22,33 теңге болған), ал түнгі тариф (23-00 ден 7-00-ге дейін) — 1 кВт.сағат — 4,88 теңге (бұған дейін 4,92 теңге) болып есептелінді.