Алматы мен Алматы облысында электр қуатының бағасы 7,5 пайызға өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы мен Алматы облысында электр қуатының бағасы 7,5 пайызға өсті

Алматы мен Алматы облысында электр қуатының бағасы 7,5 пайызға өсті

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушылары үшін электр қуатының бағасы 7,5 пайызға өсті.

  • 5 Қаңтар 2015
  • 554
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы кеше Алматы Энергия кешенінің жұртшылықпен байланыс бойынша Жалпы қызмет көрсету орталығы  (ЖҚКО) мәлімдеді.

"Электр энергиясын көлеміне қарай пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар үшін дифференциалды тарифтер (12%-ҚҚС есептегенде) бірінші деңгейлі тариф — 1 кВт.сағ. 15,43 теңге (бұған дейін 14,36 тг/кВт.с болып келген), екінші деңгейлі тариф — 1 кВт.сағ. 20,90 теңге және үшінші деңгейлі тариф — 1 кВт.сағ. 26,13 теңге болды" — делінген мәлімдемеде.

Ал тәулік мезгілі бойынша сараланған тариф (12%-ҚҚС есептегенде), екі зоналы есептеу жүйесі бойынша: күндізгі тариф (с 7-00 до 23-00) — 1 кВт.сағ. 22,33 теңге, ал түнгі тариф (с 23-00 до 7-00) — 1 кВт.сағ. 4,92 теңге көлемінде белгіленді.

Сондай-ақ, "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС үш зоналы есептеу жүйесі бойынша: күндізгі тарифті (7-00-ден 19-00-ге дейін) — 1 кВт.сағ. 17,42 теңге, ең жоғары деңгейдегі тарифті (19-00-ден 23-00-ге дейін) — 1 кВт.сағ. 36,48 теңге және түнгі тарифті (23-00-ден 07-00-ге дейін) — 1 кВт.сағ. 4,92 теңге көлемінде бекітті.