Алматы мен Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы алтауы жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы мен Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы алтауы жараланды

Алматы мен Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы алтауы жараланды

АСТАНА. 20-наурыз. Kazakhstan Today. Алматы мен Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы алтауы жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Наурыз 2007
  • 416
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, Алматы қаласы Медеу ауданында Каменка үстіртінде Достық даңғылына жетпей 20 -наурызда 00 сағат 45 минутта «Хонда» автокөлігінің жүргізушісі ағашқа соғылды. Апат салдарынан 17 жастағы жолаушы қыз оқиға орнында жан тапсырып, жүргізуші мен тағы бір жолаушы түрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге, Алматы облысы Көксу ауданында Алматы-Өскемен тас жолының 214-ші шақырымында «Ауди» автокөлігінің жүргізушісі «Тойота» автокөлігімен соғысты. Апат салдарынан «Ауди-80» автокөлігінінде отырған 55 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тауып, тағы төрт адам ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті