Алматы мен Алматы облысының электр қуатын тұтынушылары үшін телефон қоңырауын шалу орталығы ашылды
Алматы. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - АПК АҚ мен "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС халықты толық әрі жедел ақпаратпен қамтамасыз етіп отыру үшін күш біріктірді. 1 тамыздан бастап электр қуатын тұтынушылары үшін арнаулы телефон қоңырауын шалу орталығы ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "АлматыЭнергоСбыт" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "осы орталыққа қоңырау шалу арқылы Алматы мен Алматы облысы өңірінің кез-келген тұтынушысы электр қуатының берілмеуі және төлем мәселелері жөніндегі сұрақтарға жауап ала алады".
"Тұтынушылардың қоңыраулары күн сайын жексенбіден басқа күндері 08.00 бен 24.00 аралығында "шұғыл желінің" мынадай телефондары бойынша: 399-99-00; 297-17-57 қабылданады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сонымен бірге 20 тамыздан бастап АПК-ның "сенім телефоны" жұмыс істей бастайды. "Тоқ ұрлау, электр жабдықтарға ақау келтіру, өздерін АПК қызметкеріміз деп таныстырып ақша бопсалау және басқа да заңға қайшы әрекеттер жайлы сіздер 376 - 15 - 90 телефоны арқылы мәлім ете аласыздар", -деп хабарлайды "АлматыЭнергоСбыт".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін