Алматы мен Астана тұрғындарының қанша пайызы жұмыс уақытында әлеуметтік желіде отырады? - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы мен Астана тұрғындарының қанша пайызы жұмыс уақытында әлеуметтік желіде отырады?

Алматы мен Астана тұрғындарының қанша пайызы жұмыс уақытында әлеуметтік желіде отырады?

Алматы мен Астана тұрғындарының 73 пайызы жұмыс уақытында Instagram және «ВКонтакте» желісінде отырады. Бұл туралы «Kompetenz» СК ақпараттық-сараптамалық орталығы мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

  • 13 Қараша 2017
  • 179
Фото - Caravan.kz

Зерттеу барысында қаржы саласында жүрген Астана мен Алматының 24 жастан 53 жасқа дейінгі тұрғындары назарға алынған. Олардың 52%-ы — ер адам болса, 48%-ы — әйелдер.

Сұралғандардың 82%-ы олар жұмыс істейтін компанияда әлеуметтік желілерге шығу мүмкіндігі қарастырылмағанын айтқан. Бірақ, бұл жағдай олардың желіге кіруіне кедергі жасамайтын көрінеді.

«Жасырын түрде жүргізілген сауалнамаға сәйкес, әлеуметтік желілерге кіруге тыйым салынған және бұғатталған компания қызметкерлерінің 73%-ы желіге кіретіндерін жасырмады. Қызметкерлер желіге кеңседегі компьютерлерден емес, өздерінің смартфондарынан және сайтқа арналған анонимайзерлердің көмегімен кіретіндерін айтты», — дейді сарапшылар.

Жұмыс уақытында әлеуметтік желіге күніне бір рет кіретіндер — 15%, 2-3 рет кіретіндер — 39%, жұмыс уақытында 5 реттен кем кірмейтіндер қатары – 17%-ды құрады.

Сауалнамаға қатысушылардың 34%-ы Instagram қолданушылары екенін айтса, 21%-ы «ВКонтакте», 18%-ы Facebook қолданушылары екендерін жеткізіпті.


«Менің ойымша әлеуметтік желілер өзінің уақытын дұрыс бағаламайтындар үшін проблема болуы мүмкін. Алайда, егер қызметкер өз алдына мақсат қойып, нәтиже шығаруға талпынса, онда әлеуметтік желілерге арасында сергу үшін ғана мойын бұрып, біраз уақыттан кейін қайтадан тиімді жұмыс істеуіне ықпал етуі мүмкін», — дейді зерттеушілер.

Көрсетілген мәліметтерге сәйкес, компания басшылары көбінесе жұмыс тиімділігін арттыру және коммерциялық құпияларды таратпау үшін жұмыс уақытында әлеуметтік желілерге кіруге рұқсат бермейді.

Статистикаға сәйкес, Қазақстанның әлеуметтік желілердегі бір айлық белсенді аудиториясы 3,3 миллион адамды құраған. Олардың ай сайынғы жарияланымы 45 миллион болады.