Алматы мен Астанада жол апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы мен  Астанада жол апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі жараланды

Алматы мен Астанада жол апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі жараланды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 7 қыркүйек. АСТАНА. Алматы мен Астанада жол апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі жараланды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Алматы қалалық "Құтқару қызметінің" баспасөз қызметі хабарлады.

  • 7 Қыркүйек 2007
  • 410
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астанада кеше 21 сағат 26 минутта «Тойота» және «Рено» көліктері соқтығысты. Апат салдарынан «Тойотаның » 42 жастағы жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырып, «Рено» көлігінің 24 жастағы жүргізушісі мен төрт жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Ал сол күні Алматы қалалық құтқару қызметінің ақпаратына сәйкес, Түріксіб ауданында «Митсубиси Паджеро» автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі әйелді қағып кету салдарынан ол жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қаза тапты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті