Алматы мен Өскеменде өрттердің салдарынан бір бала мен қарт әйел қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы мен Өскеменде өрттердің салдарынан бір бала мен қарт әйел қаза тапты

Алматы мен Өскеменде өрттердің салдарынан бір бала мен қарт әйел қаза тапты

Алматы. 5 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы мен Өскеменде өрттердің салдарынан бір бала мен қарт әйел қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 5 Ақпан 2008
  • 409
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, Алматы қаласында бүгін 4 сағат 08 минутта жай үйде шыққан өртті сөндірген кезде бір адамның мәйіті табылды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қаза тапқан кейуана 80 жаста болған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 1 арнаулы техникасы мен 4 адамының күшімен 4 сағат 43 минутта сөндірілді.

Сонымен бірге Өскемен қаласында 4 ақпанда 13 сағат 57 минутта өртті сөндірген кезде қаза тапқан 8 жасар баланың мәйіті табылып, 6 жасар қыз ауруханаға жатқызылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен 12 адамының күшімен 15 сағат 52 минутта сөндірілді.

Бұған қоса Қарағанды облысының Қарабас ауылында 4 ақпанда 8 сағат 37 минутта АК 159/18 түзету мекемесінің әкімшілік ғимаратында өрт шықты. Баспасөз қызметінің мәліметінше, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 4 арнаулы техникасы мен 18 адамының күшімен 9 сағат 30 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті