Алматы мен Таразда 9 адам көмір қышқыл газынан уланды, оның 4 жасөспірім - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы мен Таразда 9 адам көмір қышқыл газынан уланды, оның 4 жасөспірім

Алматы мен Таразда 9 адам көмір қышқыл газынан уланды, оның 4 жасөспірім

Астана. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматы мен Таразда 9 адам көмір қышқыл газынан уланды, оның 4-і кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 9 Қаңтар 2008
  • 479
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметтері бойынша, 8 қаңтарда Алматының Шаңырақ ықшам ауданындағы үйлердің бірінде көмір қышқыл газынан 4 адам уланып, ауруханаға жеткізілді. Оның екеуі жас нәресте.

«Жер үйдегі пештің дұрыс жұмыс істемеуінен адамдар көмір қышқыл газынан уланған», — деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, Таразда табиғи газды пайдаланып отырған үйлердің бірінде пештің істен шығуынан 5 адам уланып, ауруханаға жатқызылды. Оның екеуі кәмелеттік жасқа толмағандар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті