Алматы метросы таңертеңгі уақытына өзгеріс енгізді - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы метросы таңертеңгі уақытына өзгеріс енгізді

Алматы метросы таңертеңгі уақытына өзгеріс енгізді

 Алматы метросы таңертең ертерек ашылады,

  • 21 Мамыр 2014
  • 315
Фото - Caravan.kz

бірақ, пойыздардың кестесі өзгермейді. Бұл туралы «Метополитен» МКК баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұдан былай Алматы қаласындағы метро станцияларының есіктері бұрынғыдан 10 минут бұрын ашылады», — делінген хабарламада.

Компаниядағылардың айтуынша, «Метрополитен» басшыларының мұндай шешім қабылдауына жолаушылардың өтініші түрткі болыпты. «Алматы тұрғындарының бірі басшылыққа жазған хатында таңғы сағат 6:34-те жүріп кететін бірінші пойызға үлгермей қалатынын айтқан болатын. Бұл шешім сол азаматтың өтінішіне орай қабылданып отыр», — делінген хабарламада.

Бұған дейін метро станциялары таңғы сағат 06:30-да ашылатын. Бұдан былай метрополитен таңғы 06:20-дан түнгі 23:30-ға дейін жұмыс істейді.