Жарияланды: 30

Алматы метросы жұмыс кестесін өзгертті

Алматы метросы жұмыс кестесін өзгертті

Алматы метросы пойыздардың жүру уақытын сағат 00.00-ге дейін ұзартады.

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі "Метрополитен" КМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Компаниядағылардың айтуынша, жолаушылардың өтініштеріне байланысты 12 қарашадан бастап алматылық метрополитен сағат 06.20-дан 00.00-ге дейін жұмыс істейді.

"Біздің мақсатымыз - мегаполис тұрғындарына метромен жүру үшін барынша қолайлы жағдай жасау. Келесі жылдан бастап платформалар мен станциялардың касса залдарында келесі пойыздың қай уақытта келетіні көрсетілетін ақпараттық дисплейлер пайда болады", - деп хабарлады "Метрополитен" компаниясының баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, 24 қазанда Алматы метросына сегіз пойызды жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылғаны айтылады. Айтуларынша, 32 вагоннан, әрқайсысында төрт вагоннан болатын сегіз жылжымалы пойыз жеткізіледі.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть