Алматы метросына металл анықтағыш құрылғы орнатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы метросына металл анықтағыш құрылғы орнатылды

Алматы метросына металл анықтағыш құрылғы орнатылды

Алматы метрополитені қауіпсіздігін күшейтті.Метро бекеттерінде метал анықтағыш қондырғы орнатылып, әрбір жолаушының тұла бойы жіті тексеріле бастады. Ал жолаушылар болса, жерасты жолындағы бұндай тосын жаңалыққа үйренісе алмай жатыр.

  • 20 Қаңтар 2015
  • 275
Фото - Caravan.kz

Жолаушылар енді метроға кірерде мына қондырғының ортасынан өтуі тиіс. Өз қауіпсіздігі үшін. Қалтасында не сөмкесінде күдікті металл болса, құрылғының қызыл шамдары безілдеп қоя береді. Құрылғы сыр берген соң метрополитеннің көліктегі қауіпсіздік қызметі өкілдері дереу тексере бастайды. Әсіресе көзге оғаш көрінетін ірі сөмкелерге тексеріс қатал. Жолаушылар сөмкенің ішінде не барын түгел ақтарып көрсетуі тиіс. Бұндай қауіпсіздік шарасын бұрын-соңды көрмеген жолаушылар әзірге жаңа жүйеге бой үйрете алмай әлекке түсуде. Ал метро басшылығы алдағы уақытта осындай қондырғылардың саны көбейе түсетінін айтып отыр.

Айгүл Ешмағамбетова, «Метрополитен» КМК баспасөз хатшысы:

-Арнайы қызметкерлер жұмысқа алынды және арнайы құрылғылар сатып алынуда. Біразы біздің бекеттерде орналастырылды. Қалғаны жыл бойы сатып алынып, іске қосылатын болады.