Жарияланды: 570

Алматы облысы: 8 мың бас асыл тұқымды мал сатып алынады

Мал шаруашылығын дамытудың «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Алматы облысынан 8 мың бас асыл тұқымды мал сатып алуға 76 өтініш берілді, деп облыс әкімшілігінің ауыл шаруашылық басқармасының бастығы Бағдат Әлиев мәлім етті.

«Қаржылық институттарға «Сыбаға» бағдарламасы аясында Алматы облысы бойынша 8 мың бас асыл тұқымдық мал сатып алуға жалпы сомасы Т3,43 млрд болатын 76 өтініш берілді. Несиелік комитет Т675 млн-ды мақұлдады. Шаруашылықтарға Т326 млн берілді», - деді Б. Әлиев бейсенбі күні. Ауыл шаруашылық басқармасының мәліметтерінше, аймақта ірі қара асыл тұқымдық малды көбейтумен 59 асыл тұқымды шаруашылық айналысады. Оның ішінде 35-і – еттік бағыттағы шаруашылық. Жергілікті бюджеттен асыл тұқымдық мал шаруашылығын қолдау үшін қолдан ұрықтандыру қызметінің шығындарын өтеуге 110,6 млн, және осындай орталықтарға жабдықтар сатып алуға Т15 млн т.б. барлығы - Т312,9 млн бөлінді. Ол облыста «ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасына қатысушылардың әлеуетін анықтау бойынша жұмыс тобы құрылғанын жеткізді. Олар жобаға қатысатын 813 шаруашылықты анықтапты. Оларда 43,6 мың бас аналық мал барлығы, және оларды еттік бағытта асыл тұқымды бұқалармен және қолдан ұрықтандыруға болатындығы белгіленіпті. Ол үшін ұрық та, бұқалар да жеткілікті дейді мамандар. «Бүгінге облыста 9018 бас мал қашса, 2637 басын қолдан ұрықтандырдық. Жобаға қатысушыларға 588 еттік бұқалар сатылды», - деді Б. Әлиев. Оның айтуынша 2011-2015-ші жылдар мал басы 10,6 мыңға жететін асыл тұқымдық мал басын көбейтетін 20 қосын ашылмақшы. Оның ішінде үшеуі биыл ашылады. Бүгінге Балқаш ауданында «Динара Ранчо» ЖШС базасында 1350 бастық бір репродутор ашылған. Жоспар бойынша облыста асыл тұқымдық мал өсіретін және бордақылаумен айналысатын бірнеше шаруашылық құрылмақшы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін