Сарыағашта жоғалған 3 жасар бүлдіршіннің денесі өлі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+36 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарыағашта жоғалған 3 жасар бүлдіршіннің денесі өлі табылды

Сарыағашта жоғалған 3 жасар бүлдіршіннің денесі өлі табылды

Сарыағашта осыдан үш күн бұрын жоғалып, бүкіл ел болып іздеген 3 жасар Асылымның денесі 18 мамыр күні түнде сағат 22:50 шамасында көршісінің әжетханасынан табылған. 

  • 19 Мамыр
  • 12
Фото: Instagram\Гүлмира Абықай

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«3 күн іздеген 3  жасар періштенің денесі өлі табылды. Қарама-қарсы көрші үйдің әжетханасына түсіп кетіпті.  Бүкіл ел уайымдап, дін-аман табылуына тілекші болып едік. Әттең ғажайып болмады. Аяғы шыққан, бірақ ес білмейтін балаларыңызды көзден таса қалдырмаңызшы, Халайық», — деп жазды журналист Гүлмира Абықай Instagram парақшасына.  

Мәлім болғандай, оқиғаның қалай болғанын қазір полиция анықтап жатыр. Баланың денесіне медициналық сараптама жасалады. 

Еске сала кетейік, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай қызының көзден таса болғанын жеткізгенін жазған болатынбыз.