Мұсылман фестивалінде алғаш рет қажылыққа жолдама беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұсылман фестивалінде алғаш рет қажылыққа жолдама беріледі

Мұсылман фестивалінде алғаш рет қажылыққа жолдама беріледі

Алғаш рет "Изге Болгар жыены" мұсылман фестивалінде қажылыққа жолдамалар беріледі.

  • 19 Мамыр
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

АЛМАТЫ, 19 мамыр — Sputnik. Татар республикасы Болгар қаласында өтіп жатқан дәстүрлі «Изге Болгар жыены» фестивалінде алғаш рет қажылыққа отбасылық жолдамалардың ұтыс ойыны өтеді, деп хабарлады фестивальдің ұйымдастыру комитеті. Бұл туралы РИА Новости жазды

Айтулы шарада қажылыққа ерлі-зайыптыларға арналған жолдама алғаш рет ойнатылады.

«Изге Болгар жыены» салтанатты іс-шарасы Еділ Болгариясының исламды ресми қабылдау күніне арналған және оған Ресей мен басқа мемлекеттердің діни жетекшілері, сондай-ақ көптеген қатысушылар мен қонақтар қатысып жатыр. Мереке аясында алғаш рет Сауд Арабиясына қажылыққа отбасылық жолдамалар ұтыс ойыны өтеді. Ұйымдастырушылардың пікірінше, акция отбасылық құндылықтарды насихаттауға мұсылмандардың назарын аударуға мүмкіндік береді.

«Татарстанда жыл сайынғы «Ресей — Ислам әлемі: KazanForum» Халықаралық экономикалық форумы өтіп жатыр. Оның соңғы бөлігі ретінде «Изге Болгар жыены» өткізіледі. Ауқымды форумның қатысушылары мен қонақтары қазіргі татарлардың ата-бабаларының тарихи жерлеріне бара алады. Бұл жобаны танымал ету үшін ұйымдастырушылар ерлі-зайыптылар арасында қажылыққа бірнеше жолдама ойнатады. Біз бұл дұрыс деп санаймыз, өйткені отбасының идеялары мен дәстүрлерін танымал ету керек, мұндай бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде ерекше форматтар енгізу керек», — деді РФ Мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары Рушан Аббясов.

Ол форумға қатысушылар саны жыл сайын артып келе жатқанын айтты.

«Бұл таңғаларлық емес, өйткені Татарстан астанасына қҚазан форумының мыңдаған қатысушылары және тағы бірнеше ондаған мың қонақтар, соның ішінде мұнда туристер де келеді. Олар татарлардың дәстүрі, тұрмысы, мәдениетімен, сондай-ақ тарихи мұрасымен танысады», — дейді Аббясов.

Ол «Изге Болгар жыены» мұсылмандардың өз тарихына, ата-бабаларының рухани таңдауына және ислам құндылықтарын одан әрі дамытуға деген ұмтылысы екенін айтты.