Алматы облысында 1000 гектардан астам алқаптағы егістік түсімі бұршаққа соғылып, шығын 15 млн. теңгеден асты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында 1000  гектардан астам алқаптағы егістік түсімі бұршаққа соғылып, шығын 15 млн. теңгеден асты

Алматы облысында 1000 гектардан астам алқаптағы егістік түсімі бұршаққа соғылып, шығын 15 млн. теңгеден асты

Алматы облысының Ескелді ауданында 2003-жылдың 22-шілдесінде кешкі сағат 17-ден 40 минут кеткенде құйынды жел соғып, соңынан жауған жаңбырдың аяғы бұршаққа ұласты. Соның салдарынан Алдабергенов және Жаңалық ауылдарында 8 жер үйге зақым келіп, ағаштар құлады, байланыс және электр тарату желісі үзілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Шiлде 2003
  • 487
Фото - Caravan.kz

Агенттік мәліметіне сүйенсек, 309 гектардағы қант қызылшасының , 420 гектардағы соя бұршағының, 146 гектардағы бидайдың, 20 гектардағы көкөністің, 19 гектардағы картоптың, 139 гектардағы жүгерінің түсімі бұршаққа соғылды. Жалпы шығын 15 млн. 120 мың теңгені құрады.

Сондай-ақ, Бақтыбай ауылдық округінде №1 малшаруашылығы фермасының ғимаратына зақым келді.

Соңғы жаңалықтар