1998 жылы Елорда Ақмолаға көшірілген шақта «Нұр» балалар үйі де ашылған еді. Астанамен бірге жасасып келе жатқан отбасылық балалар үйінен бүгінге дейін 350-ден астам жетім тәрбиеленген. Олардың алды бүгінде түрлі салада Отанға қызмет етуде. Қазір Тұяқ Қаскенқызының тәрбиесін көріп отырған балалардың ең кішкентайының тілі енді шығып жатыр. Ал үлкендері мектептің жоғары сыныптарында оқиды.
Тұяқ Есқожина, «Нұр» отбасылық балалар үйінің директоры:
-48 қызымды ұзаттым, құда-құдағиларым көп, 26 баламды үйлендірдім. Ең соңында генерал баламды осы жуырда үйлендірдім. Сондай қызықтар болып жатыр. 35 немерем бар. Осындай тойларда қазір шуылдап келіп жатады. Құлап жатам ортасында тұра алмай, менен бақытты анажоқ.