Алматы облысында әйелін өлтіріп, денесін суға лақтырған күдікті ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында әйелін өлтіріп, денесін суға лақтырған күдікті ұсталды

Алматы облысында әйелін өлтіріп, денесін суға лақтырған күдікті ұсталды

Алматы облысының полицейлері әйелін өлтіріп, денесін үлкен Алматы каналына лақтырып жіберген күдіктіні ұстады.

  • 16 Қыркүйек 2021
  • 79
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қыркүйек күні Еңбекшіқазақ ауданындағы Үлкен Алматы каналынан әйел адамның мүрдесі табылған.

Мәйітті тапқан ер адам бірден полицияға хабар берген.

Жүргізілген тексеру барысында мерт болған әйелдің 37 жастағы Талғар қаласының тұрғыны екені анықталды.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен әйелдің 48 жастағы күйеуі ұсталды.


«Ұсталған ер адам 6 қыркүйек күні әйелін өлтіріп, қылмысын жасыру үшін Үлкен Алматы каналына жеткізіп, лақырып жібергенін мойындаған. Ал істің ушығуына ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал себеп болған»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар