Жарияланды: 500

Алматы облысында апат салдарынан 6 адам қайтыс болды

Астана. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында жол көлік оқиғасының салдарынан 6 адам қайтыс болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, Алматы - Өскемен тас жолының 312 шақырымында (Алматы облысының Ескелді ауданы) 15 тамызда 17 сағат 40 минутта "Тойота" көлігі ВАЗ-2108 көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан "Тойотаның" 28 жастағы және ВАЗ-дың 42 жастағы жүргізушілері мен екі көліктің 43 және 25-30 жастардағы екі жолаушысы қайтыс болып, тағы "Тойотаның" 3 жолаушысы мен "ВАЗ" көлігінің 4 жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі сондай-ақ, 15 тамыз күні таңғы сағат 5-те Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында БМВ көлігі ағашқа келіп соқтығысқан. Соның салдарынан көліктің екі жолаушысы қаза тауып, тағы екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін