Тиісті келісімшарт облыстық әкімдік пен банк арасында «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы аясында жасалды.
«Тұрғын үйлер Алматы облысы Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс ауданында орналасады. Шаршы метрі 90 000 теңгемен барлығы 80 пәтер сатылатын болады», — делінген хабарламада.
Тұрғын үй 2014 жылы 30 қарашада пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Банктің хабарлауынша, үміткерлерден құжат қабылдау 2014 жылдың 2 маусымынан тамыз айына дейін созылады.