Жол апаты Өтеген батыр кентінде болды. Бақылау камерасына түсіп қалған мына кадрларда BMW иесінің жаяулар жолағында қаннен-қаперсіз келе жатқан әйел мен бүлдіршінді қатты келіп соққаны анық көрініп тұр. Оңбай жараланған 63 жастағы тұрғын мен 6 жасар қыз өмір мен өлім арасында жатыр. Ал жолақтың бар екенін әрі басқа көліктердің тоқтап тұрғанын көрсе де жылдамдықты азайтпаған BMW-ның 21 жастағы жүргізушісі қазір тергеушілерге жауап беруде.