Алматы облысында банкоматтағы миллиондаған ақша өртенген - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында банкоматтағы миллиондаған ақша өртенген

Алматы облысында банкоматтағы миллиондаған ақша өртенген

Әлеуметтік желіде өртенген он және бес мыңдық ақшалардың суреттері жарияланған еді. Сөйтсек, бұл Алматы облысындағы Сарыөзек ауылында болған оқиға екен. Қаскөйлер дүкенде орналасқан банкоматтардың бірін тонамақ болыпты.

  • 22 Ақпан 2017
  • 2405
Фото - Caravan.kz

Белгісіз біреулер банкоматты бұза алмай, ондағы қаражатты өртеп алған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы облысы ІІД ресми өкілі Айман Мырзекованың айтуынша, оқиға 18 ақпанда болған. 

"Шын мәнінде оқиға Сарыөзек ауылында болды. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде тіркелді. Оқиғаның мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді", — деді Айман Мырзекова.

Расталмаған мәліметтер бойынша, 18 миллион теңге өртенген.