Алматы облысында базарда орын алған өрт алаңы 100 метрді құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында базарда орын алған өрт алаңы 100 метрді құрады

Алматы облысында базарда орын алған өрт алаңы 100 метрді құрады

ТЖК баспасөз қызметі хабарлағандай, кеше, 11 шілдеде Алматы облысында «Құрдас-7» базарында өрт шықты.

  • 13 Шiлде 2015
  • 435
Фото - Caravan.kz

«Сағат 12.30 минутта Алматы облысы ТЖД кезекшілік қызметіне Қарасай ауданындағы «Құрдас-7» базарында контейнер өртеніп жатқандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына Алматы қ. мен Алматы облысының 5 өрт сөндіру есебі жіберілді», — делінген хабарламада.

 «Құрдас-7» базары өрт бөлімінен 20 шақырым алшақ орналасқанын, жолдағы жүктемені есепке алып, өрт сөндірушілер 14 минутта жетті, делінген баспасөз қызметінде.

Осы уақытта құрылыс материалдары бар 3 контейнер, сауда нүктелері арасындағы жылу оқшаулағыш материалдар  (өрт алаңы шамамен 100 шаршы метр) отқа оранып үлгерген.

Жедел қабылданған шаралар өрттің осы шектен жайылмауына мүмкіндік берді. Яғни, жақын орналасқан «Молл-Апорт» сауда ойын-сауық орталығынына, «Алтын орда» әмбебап базарына  төнген қауіптің алды алынды.


Жалын 13:00-де оқшауланып, 13 20-да ауыздықталды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себептері анықталуда.