Алматы облысында безбүйрек ана жаңа туған екі баласын сатып жіберген - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында безбүйрек ана жаңа туған екі баласын сатып жіберген

Алматы облысында безбүйрек ана жаңа туған екі баласын сатып жіберген

Алматы облысында әйел жаңа туған баласын сатпақ болды.

  • 6 Тамыз 2021
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция бұл туралы әйелдің ата-ана құқығынан айыру туралы азаматтық істі қарау кезінде білді. Тәртіп сақшылары әйелдің баланы үшінші тұлғаларға беруге тырысқанын анықтады, деп хабарлады Алматы облысы Ішкі істер депатаментінің баспасөз қызметі.

– Тексеру кезінде әйелдің перзентханадан шығарылғаннан кейін заңсыз түрде баланы рұқсатсыз бергені анықталды, – деді полиция.

Белгілі болғандай, келіншек бұрындары ауруханадан шыға сала баланы Қазақстаннан шығаруға рұқсат етіп, белгісіз әйелге сенімхат берген.

– Күдіктіге қатысты жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, – делінген полиция хабарламасында.

Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты.


Алматы облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат К. -ны кінәлі деп таныды. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Келіншектің басқа балалары 14 жасқа толғаннан кейін жаза күшіне енеді.

Қазақстанда Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар алғашқы тіркеуге қойылады. Олар туралы ақпарат жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды алғашқы тіркеу реестрінде тіркеледі, содан кейін баланы патронаттық тәрбиеге берудің белгілі бір тәртібі жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар