Алматы облысында боранға байланысты көлік қозғалысы шектелді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында боранға байланысты көлік қозғалысы шектелді

Алматы облысында боранға байланысты көлік қозғалысы шектелді

Алматы облысында бірқатар республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

  • 29 Қаңтар 2014
  • 235
Фото - Caravan.kz


Атап айтқанда боранға байланысты барлық автокөлік түрлері үшін «Үшарал-Достық» жолының 83-165 шақырымындағы Көктума-Достық аралығында жол жабық.
Сонымен қатар жаңбыр аралас қардың түсуіне байланысты жүк көліктері үшін мына жолдарда көлік қозғалысы шектелді:
«Алматы-Ташкент-Термез» жолының 14-43 шақырымындағы Алтын Орда-Сауыншы учаскесінде;
«Алматы-Өскемен» жолының 13-259 шақырымындағы Первомайка-Талдықорған аралығында;
«Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» автожолының 9-110 шақырымы аралығында.
Қазіргі кезде бұл жолдарда «Қазақавтожол» РМК-ның осы өңірдегі филиалының қызметкерлері кезекшілік жасауда.