Алматы облысында екі жол апатынан екі адам қаза тауып, біреуі зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында екі жол апатынан екі адам қаза тауып, біреуі зардап шекті

Алматы облысында екі жол апатынан екі адам қаза тауып, біреуі зардап шекті

Астана. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында екі жол апатынан екі адам қаза тауып, біреуі зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 1 Қазан 2008
  • 482
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Шелек — Сарыбұлақ тас жолының 1-ші шақырымында 30 қыркүйекте сағат 13.10-да мотоцикл жүргізушісі «Ауди» көлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Алматы облысының Іле ауданында Алматы — Астана тас жолының 77-ші шақырымында 30 қыркүйекте сағат 19.50-де белгісіз автокөлік әйелді қағып кетті, ол оқиға орнында қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар