Алматы облысында екі жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші 2,5 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында екі жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші 2,5 жылға сотталды

Алматы облысында екі жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші 2,5 жылға сотталды

Алматы облысы Қарасай аудандық сотында біреуі жансақтау бөлімінде көз жұмған екі жүргіншіні қағып кеткен жүргізушіге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

  • 22 Маусым 2016
  • 333
Фото - Caravan.kz

«Бұл жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендердің бірі ауруханада есін де жимастан  көз жұмды. Сотталушы сотта кінәсін толықтай мойындады. Қатты өкінді, кешірім сұрады», — деп хабарлады Алматы облысы сотының баспасөз қызметінде.

Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, оған екі жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.