Алматы облысында ер адам өз қызын зорлады деп күдіктенген үш ауылдасын мылтықпен атқан - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында ер адам өз қызын зорлады деп күдіктенген үш ауылдасын мылтықпен атқан

Алматы облысында ер адам өз қызын зорлады деп күдіктенген үш ауылдасын мылтықпен атқан

Алматы облысының Қырбалтабай ауылында бытыралы мылтықпен қаруланған 57 жастағы ер адам үш ауылдасын мылтықпен атып жіберге

  • 4 Желтоқсан 2013
  • 616
Фото - Caravan.kz

Қазіргі уақытта зардап шеккен адамның екеуі оқ тиген жарамен ауруханаға жатқызылды. Ал қашып құтылған оқиғаға қатысқан үшінші адамды полицейлер ұстап, қызын зорлады деген күдікпен күзетке алды.

Үй иесінің берген түсініктемесіне қарағанда, ол таңертең ерте жұмыстан үйіне оралып, үш белгісіз адамның үстінен түскен, олардың бірі оның 18 жастағы қызын зорлаған. Ашуланған күйі үй иесі олардың екеуін атып жіберген, ал үшіншісі жасырынып үлгерген.


Өз кезегінде жәбірленген қыз бала полицейлерге әкесі үйде болмаған кезде жалғыз қалғанын, үш белгісіз адамның үйге баса-көктеп кіріп келіп, олардың бірінің өзін зорлағанын хабарлаған.

Аталған факті бойынша материал жинау жалғасуда. Тәркіленген қару қылмыстық өндіріс материалдарына қосылды.