Алматы облысында есірткі тасымалдаумен шұғылданатын әйел ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында есірткі тасымалдаумен шұғылданатын әйел ұсталды

Алматы облысында есірткі тасымалдаумен шұғылданатын әйел ұсталды

 Алматы облысында қолға түскен күдіктіден 28 келіден астам есірткі тәркіленді.

  • 24 Ақпан 2015
  • 329
Фото - Caravan.kz


Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, есірткіні табуға иісшіл ит көмектескен. Есірткі «Ақтерек» полиция бекетінде тоқтатылған көлікті тексеру кезінде жолаушылардың біріне тиесілі сөмкеден табылыпты.
Полицейлер сөмкелердің бірінен 20 грамм гашиш, екіншісінен 28 келіден астам марихуана тәркілеген. Сөмкенің иесі ШҚО-да тұратын 36 жастағы келіншек Жамбыл облысынан Алматыға кетіп бара жатқан болып шықты.
Айтуынша, есірткіні Алматыға жеткізіп беруін өтінген бейтаныс еркек әйелдің қолына 30 мың теңге ұстатқан көрінеді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.