Алматы облысында ірі жол апатынан 1 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында ірі жол апатынан 1 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды

Алматы облысында ірі жол апатынан 1 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды

Қарасай ауданының Алмалыбек ауылына жақын жерде жол-көлік оқиғасы орын алды.

  • 28 Қаңтар 2015
  • 408
Фото - Caravan.kz

«Алматы-Райымбек» автожолынан 29 шақырым жерде «Мерседес-бенс 609D» шағын автобусы мен «Мерседес-бенс», «Фольксваген Пассат», «Мицубиси Галант» көліктері соқтығысты.

Облыстың ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға орнында бір адам көз жұмып, 4 адам Жамбыл облысы Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала нұсқа бойынша апаттың орын алуына себеп болған «Мерседес-бенс 609D» автобусының жүргізушісі, ол рульді басқара алмай, қарсы жолға шығып кетіп, үш шетелдік көліктің соқтығысуына жол берді.