Жарияланды: 380

Алматы облысында көлік апатынан үш адам қазаға ұшырады

Алматы облысында көлік апатынан үш адам қазаға ұшырады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Кеген-Нарынқол бағытындағы тас жолдың 41-ші шақырымында "ГАЗ-53" және "ВАЗ-2106" автокөліктері соқтығысып қалған. Апат салдарынан "Жигули" автокөлігінің жүргізушісі мен оның 56 және 22 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін